2021 жылдың 16 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі аясында УКЯ-1-20 тобында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған "Ақынның сөзі жүректе" атты әдеби-танымдық кеш өтті. Ұлы ақын 13 кітап, 1834 өлең, 19 поэма, 100-ден астам әннің авторы.
Іс-шараның мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау.
Әдеби-танымдық кеш барысында студенттер (Сәбит Рахат, Елеукен Ақбота, Мурзахметов Ербатыр, Касымова Шырай, Лесбек Нұршат, Шорман Қазына, Дюсембина Ұлдана, Кулекина Камила, Бабикова Ырысты) ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды, топ кураторы қазақтың ұлы ақынның өмірінен қызықты деректер мен мәліметтер көрсетті.
Домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен Хайымхан Ақтілек "Сәби болғым келеді", Айтқожа Жанель "Жас қайың", Сәбит Рахат "Сенің көзің"әндерін орындады.
Ашық іс-шара соңында студенттер әкімшілікпен, оқытушылармен және топ кураторымен бірлесіп "Есіңе мені алғайсың!" әнін шырқады.